Оқиғалар мен іс-шаралар

«2024 жылдың мерейтойлық жазушылары»

17.092024ж. Борисовка ауылдық кітапханасы 14-16 жас аралығындағы балалармен қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған «2024 жылдың мерейтойлық жазушылары» атты әдеби сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жыл мерейтойларымен танысу, қазақ әдебиетін насихаттау, кітап оқуға деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу.
Кітапханашы 2024 жылы кімдердің мерейтойлары атап өтілетінін айтты. Балаларды Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин және Бейімбет Майлин сияқты қазақ жазушылары мен ақындарының өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар көрмеге қойылған әдебиеттерден шағын үзінділерді І. Жансүгіров «Құлагер», С.Сейфуллин «Ттікенді жол » және Б. Майлиннің поэзиясын дауыстап оқыды. Сондай — ақ, оқырмандардың барлық топтары үшін кітапханада «2024 жылдың мерейтой-жазушылары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»