Оқиғалар мен іс-шаралар
«Ертегі, ертегі көмектесші – құқығымыз туралы айтып берші»
20.06.2022 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Ертегі, ертегі көмектесші – құқығымыз туралы айтып берші» атты құқықтық өріс өткізді (құқықтық тәрбие). Бүгінгі балалар – елдің ертеңі. Азаматтардың әл-ауқаты өркениетті құқықтық мемлекетте ғана мүмкін. Ал бұл ақпаратты сөз арқылы емес, ертегі кейіпкерлеріне, әдебиет қаһармандарына жанашырлық таныту арқылы жақсырақ қабылдайтын жеткіншектер мен балалардың құқықтық тәрбиесі маңызды болып отыр деген сөз. Кітапханашы мысал ретінде «Золушка» — балалар еңбегін қанау, «Колобок» — өз пікірін еркін жеткізу құқығы, «Красная шапочка» — отбасы құқығы туралы ертегілерді келтірді.
Іс-шараның мақсаты: баланың негізгі құқықтарымен таныстыру, баланың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.