«Гүлдей бер Қазақстаным»
22.10.2024 ж. Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы Республика күніне орай «Гүлдей бер Қазақстаным» атты бейнеролик дайындады.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту;
Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру;
Ел тарихына деген қызығушылықтарын дамыту;
Азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Республика күні – ұлттық мереке.
25 қазан – еліміз үшін маңызды даталардың бірі.
1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы еді.
Жаңа мереке ел бірлігін нығайтудың символына айналуы тиіс.
Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігінің, татулығы мен келісімінің символы.
Қазақстанымыз нығая берсін, күн сайын бақ-береке арта берсін, әр үйде тыныштық пен бақыт болсын.