Оқиғалар мен іс-шаралар
«Туған күніңмен Республика !»
24.10.24. Ілияс Есенберлин атындағы орталық аудандық кітапхана Қазақстан Республикасы күніне орай Атбасар ауданының жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп АИК студенттері үшін «Туған күніңмен Республика !» атты мереке сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының тарихи өткені бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Іс-шарада мерекенің пайда болу тарихы айтылды, Отан туралы әдемі өлеңдер айтылды, мерекемен құттықтаулар мен тілектер айтылды. «ЖРО» басшысы К. Е. Рыспекова дәстүрлі «Шашу» өткізді, мерекемен құттықтап, іс-шара қонақтарына естелік сыйлықтар табыс етті.
Тақырып бойынша бейнеролик дайындалды. Жалпы фотосурет түсірілді.