«Мен өз елімнің азаматымын»
2024 жылдың 24 қазанында Сепе ауылдық кітапханасында «Мен өз елімнің азаматымын» атты ақпараттық сағат өткізілді.Туған жер! Бұл сөзді әр адам бала кезінен біледі, туған жер – бұл сенің туып-өскен жерің, ата-анаңмен, достарыңмен бірге тұратын мекенің. Туған жер – халқыңның анасы. Ол өз ұл-қыздарын мақтан тұтады, оларды қамқорлыққа алып, көмекке келеді, күш береді.Іс-шара Қазақстан қалалары туралы әнмен бейнеролик көрсетумен басталды. Бұл шараны дәл осы позитивті әнмен бастау тегін емес еді, өйткені тек өз Отанын сүйетін, жақсы білетін адам осындай тамаша ән жаза алады. Патриот болу үшін еліңнің әртүрлі салалардағы жетістіктерін білу керек. Елінің күшін, маңыздылығын түсініп, мемлекеттің қарапайым азаматтарға деген қамқорлығын көре отырып, адам өз елінің патриоты бола алады.