Оқиғалар мен іс-шаралар

«Күй атасы — Құрманғазы»

22.02.2023 жылы аудандық Орталық балалар кітапханасы №7 жалпы білім беретін қазақ мектебінің 3″Б» сынып оқушыларымен «Дала фольклоры мен музыкасына мың жыл» арнайы жобасы аясында Қ.Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Күй атасы — Құрманғазы» атты видеомарафон өткізді.
Мақсаты: Құрманғазы Сағырбаевтың музыкалық мұрасын зерделеу негізінде қатысушылардың білімін қалыптастыру.
Кітапханашы қатысушыларды қазақ күйлерінің композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. №7 мектеп оқушылары Сабитова Меруерт, Қаз Ажар «Балбырауын» күйін және Қуанышбекова Жанерке, Ахметжан Ерасыл «Кеңес» күйін орындады. Сонымен қатар «Тарихи тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»