Оқиғалар мен іс-шаралар

«Жау тылындағы бала»

18.04.2023 жылы аудандық Орталық балалар кітапханасында №8 жалпы білім беретін қазақ мектебінің 5 «а» сынып оқушыларымен Қасым Қайсеновтың 105 жылдығына арналған «Жау тылындағы бала» атты танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен таныстырды. Оқушылар Қасым атамыз туралы өлең жолдарын жатқа оқыды. Теледидардан «Қ. Қайсенов –ерлікті аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері» атты үзінді көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар «Ақ көгершін» әнін шырқады және «Адам аңызы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»