14.09.2023 жылы І.Есенберлин атындағы Орталық аудандық кітапхана және балалар кітапханасы, Атбасар ауданының Жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп, Отбасы күніне орай «2023 жылдың үздік оқырман отбасы» атты байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 3 отбасы қатысты: Бағдат, Игіліковтер, Аматаевтар.
Сайысты құрамдағы құзыретті қазылар алқасы бағалады:
1.Лутошкиндер отбасының бастамашыл тобы-Марина Васильевна
2. Атбасар ауданының «ЖРО» КММ басшысы-Рысбекова Камила Еңбекқызы
3. Атбасар ауданының «ОКЖ» әдіскері-Кенбейлова Нұргүл Қадырқызы.
Байқау 4 тапсырмадан тұрды:
1. Отбасының визит картасы — «Менің балалық шағымдағы кітаптар»
2. Мағжан Жұмабаевтың өлеңінен үзінді
3. «Біздің сүйікті кітабымыз»
4. Топтарға арналған жұмбақтар берілді.
Әр байқаудың бағасы 5 балл болды.
Отбасылар анасы, әкесі, әжесі, атасы туралы — «Мейірімді айт» ойынына қатысқаны үшін қосымша балл алды.
Байқаудың жеңімпазы Амантаевтар отбасы болды.
2 орын Игіліковтар отбасы
3 орын Багдат отбасы
Сайыста бағалы сыйлықтар табысталды.
Көрермендермен Қазақстан тарихы бойынша зияткерлік ойын өткізілді.
Іс-шараның басты сәні «Отбасылық шаңырақ» инсталяциясы болды.
«Оқитын отбасы-оқитын ел!» кітап көрмесі рәсімделді.
Естелікке фотосурет түсірілді.