Оқиғалар мен іс-шаралар

«Абай әлемі»

2023 жылы 10 тамыз күні Орталық аудандық кітапханасында Абай күніне орай «Абай әлемі» атты әдеби қонақжай өткізілді.
Кітапханашылар Б.Омарова мен З.Алшинова қазақ халқының ұлы данышпаны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Іс-шараға ауданымыздың жергілікті ақыны А. Құрақбаев және қаламыздың тарихшысы, ұлағатты ұстазы С.Абенова, мәдениет бөлімінің қызмеркерлері шақырылды. Іс-шара барысында №3,7,8 жалпы орта білім беретін мектебінің, «Көркем сөз» үйірмесі және Атбасар қаласы «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» тәрбиеленушілері қатысып, А.Құнанбаевтың өлең шумақтарын жатқа мәнерлеп оқыды, сонымен қатар «Ұлы Абай мұрасы» атты кітап көрмесі, ұлттық стильде «Абай» бұрышы мен кітап инсталляциясы рәсімделді. Қаламыздың жас әншілері Нұртаза Диас пен Есмагулова Дариға Абай атамыздың әндерін жүрекке жеткізіп шырқап берді.
Мақсаты: оқырмандарды Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, шығармаларына деген қызығушылықты ояту және білімге, ғылымға жауапкершілікпен қарауға баулу, әдеби мұрасын дәріптеу.
Іс-шара соңында «Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы М.Ермекбаева және «ОКЖ» КММ директоры Ж. Қожахметов қатысушыларға тілектерін айтып, алғыс хаттармен марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»