Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қадыр ата»

19.03.2024 ж. Орталық аудандық балалар кітапханасында көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында «Қадыр ата» тақырыбында интерактивті қуыршақ спектаклі көрсетілді, сондай-ақ «Бесікке салу»рәсімдерінің бірі ұсынылды.
Балалар күнделікті өмірде білім алудың маңыздылығын түсініп, театр қойылымынан әсер алды. Олар спектакльге белсенді қатысып, ойын-сауық сұрақтарына жауап беріп,сонымен бірге белгілі және сүйікті кейіпкерлердің сиқырлы бейнелерін сынап, нағыз ертегіге бой алдырды.
Қуыршақ қойылымының мақсаты-балалардың ертегілер, дәстүрлер туралы білімдерін кеңейту, балалардың театрландырылған ойынға деген қызығушылығын ояту,сөйлеудің интонациялық мәнерлілігін арттыру ,ертегі кейіпкерлері арасында диалог құра білу, балалардың сөздік қорын байыту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»