Оқиғалар мен іс-шаралар

«Алғыс күні – достық белгісі»

01.03.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасы Алғыс айту күніне арналған «Алғыс күні – достық белгісі» ақпараттық сағатын өткізді. Мақсаты – оқырмандардың бойында толеранттылық, бір-біріне деген достық пен құрмет сезіміне тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайту. Іс-шара аясында оқырмандар алғыс айту күнінің тарихымен танысып, «Алғыс», «Мейірімділік», ұғымдарының жан-жақтылығын ашты. Бұл мереке барлық этностардың бір-біріне және КСРО халықтарын қуғын-сүргін және депортациялау жылдарында Қазақстан аумағына мейірімділік танытқан қазақтарға деген құрметі мен алғысы. Іс-шара барысында қатысушылар қағазға мүмкіндігінше көп алғыс сөздерін жазуы керек болды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»