Оқиғалар мен іс-шаралар
«Алаш қозғалысының қайраткері»
19.04.2024 жылы Сепе ауылдық кітапханасында Шаймерден Қосшығұловтың 150 жылдығына орай «Алаш қозғалысының қайраткері» атты ақпараттық досье жасалды. «Алаш» қозғалысының тарихын, оның көшбасшыларының өмірі мен қызметін зерттеу Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының басым бағыттарының біріне айналды. Осындай тұлғалардың қатарына «Алаш» қозғалысының қайраткері, Ақvола облысынан шыққан: Шаймерден Қосшығұлов та жатады. Ол Ресей империясының астанасының аласапыран саяси өміріне енген кезде небәрі 32 жаста еді. Оған ол ең белсенді қатысады, өз қаражатына «Улфат» газетіне «Серке» қосымшасын шығарады . Мақсаты: Ш. Қосшығұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу, өлкетану тәрбиесі аясында мақтаныш сезімін қалыптастыру.