«Қалжа туралы не білеміз»
02.02.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы жалпы оқырмандарға арнап( қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту жобасы бойынша) «Қалжа туралы не білеміз» атты ой бөлісу өткізілді.
Іс шараға ауылымыздың аналары мен әжелеріміз шақырылды.
Кітапханашы; оқырмандарымызға халқымыздың ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлері туралы айтып берді.
Қалжа — дегеніміз негізінде жас босанған ана мен балаға арналған сыбағасы және құрметті ас болып саналады.
Қалжа, біріншіден дүниеге келген нәрестенің құрметіне арналса, екіншіден жас анаға жарық дүниеге перезент әкелгені үшін сойылатын қой малы.Осы сойылған қалжа, арқылы жас босанған ана өзіне, күш қуат әл жинаған.
Қалжа жеп, жас сорпа ішкен келіншектің сүтін де маңызды, құнарлы болады. Баланың тез ет алып өсуіне әсер етеді.
Мақсаты; қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін қалыптастыру, ежелгі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің халықтың рухани өмірін бейнелейтіні туралы түсінік беру.