Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ана болудың ерекше таланты»

2024 жылдың 10 мамырында Мариновка ауылдық балалар кітапханасы Аналар күніне орай «Ана болудың ерекше таланты» атты аналар сағатын ұйымдастырды. Кітапханашылар аналарды қонаққа шақырып, олармен қызықты әңгіме өткізді. Кітапханашы мерекенің тарихына тоқталды. Ананы ардақтау – қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау деген сөз, бұл қазіргі заманда өте маңызды. Өскелең ұрпақ кейде өмірдегі негізгі бағыт-бағдарлардан айырылып, отбасы, неке қадірін, өз халқының салт-дәстүрін ұмытып кетеді. Аналар отбасы бақытының сырымен бөлісті. Соңында А.Долговтың «Аналар қолын сүй» өлеңін оқыдық.
Мақсаты: Анаға деген құрмет, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Отбасы негіздерін және әйелдерге қамқорлық жасау дәстүрлерін нығайту.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»