Оқиғалар мен іс-шаралар
«Ана, әке, мен – кітапқұмар отбасы»
2024 жылдың 17 қыркүйегінде Сепе ауылдық кітапханасында «Ана, әке, мен – кітапқұмар отбасы» атты фотоакция өткізілді. Кітаппен алғашқы танысу отбасында басталады, отбасы – кітапқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің басты көзі. Сондықтан отбасылық оқу балалардың кітапқа деген махаббатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда көптеген ата-аналар балалардың кітап оқуға ынтасы жоқ екенін жиі айтады. Дегенмен, дәл қазір, балалар оқу дағдыларын енді меңгере бастағанда, оларға кітапты жақсы көруге көмектесу өте маңызды. Біздің компьютерленген заманда оқи алмау баланың үлгеріміне ғана емес, оның жалпы дамуына да теріс әсер етуі мүмкін.