«Қанша жылдар өтсе де, есімізде мәңгілік!»
09.05.2024 жылы Ұлы Жеңіс Күнін мерекелеу аясында Садовое ауылдық кітапханасы «Қанша жылдар өтсе де, есімізде мәңгілік!» атты мерекелік митинг өткізілді.
Мақсаты: патриоттық тәрбие, аға ұрпаққа құрмет, Отанымыздың тарихын еске алу.
Митинг бір минут үнсіздікпен, батырларға арналған ескерткішке гүлдер мен гүл шоқтарын қоюмен қатар жүрді. Соғыс жылдарындағы әндер, өлеңдер айтылып, «Катюша» биі орындалды. Сондай-ақ, кітапханада «Қорқынышты соғыстың беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Барлық қатысушыларды Покровка ауылдық округінің әкімі Э. К. Ақылбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы А. В. Козырев, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Р. И. Кравченко, «Баракат- http://xn--a-ftb7ah.kz/» ЖШС директоры А.У. Абаев, Садовое ЖМ директорының оқу жөніндегі орынбасары Т. М.Мамытова құттықтады.
Жеңіс күні еліміздің барлық халқы үшін қасиетті күн болды және болып қала береді. Біз соғыс жылдарындағы оқиғаларды тағы бір рет еске алу үшін және біздің бостандығымыз бен бейбітшілік үшін өз өмірлерін қиған барлық батырларымызды құрметтеу керекпіз.