Оқиғалар мен іс-шаралар

«Атбасар ауданы кітапханаларының 2022 жылға арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері»

18-мамыр күні Аудандық Орталық кітапхананың коворкинг орталығында «Атбасар ауданы кітапханаларының 2022 жылға арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері» тақырыбында кітапхана қызметкерлеріне арналған семинары өткізілді. Семинарға АОК, АОБК, қалалық және ауылдық кітапханашылар қатысты. «ОКЖ» КММ директоры Кашкимбаев К.Н. қатысушыларды семинар тақырыбымен таныстырды. АОК әдіскері Кенбейлова Н. «2021-2022 жылдардағы ОКЖ жұмысы туралы әдістемелік шолу, ауданның ауылдық, қалалық кітапханалары үшін 2022 жылға арналған ай сайынғы жоспарларды жасау» тақырыбында, АОК кітапханашысы Романова С. «Кітап қорын сақтау. Құжаттарды ресімдеу: кітап қорын есепке алу журналы, КБЖ бойынша кітап қорын орналастыру және құжаттаманы түсіндіру» тақырыбында, АОК кітапханашысы Алшинова З. «Кітапхана жұмысына креативті формалар енгізу» тақырыбында сөз сөйледі. Новомариновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Янковская И. «Кітап көрмесін безендіру бойынша презентациялық жұмыс» тақырыбы бойынша кітап көрмесін безендіріп, көрмеге шолу жасады. Семинар соңында «ОКЖ» КММ директоры Кашкимбаев К.Н. кітапханалық –ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жемісті жұмысы үшін кітапханашыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»