Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ауған соғысы, сенің ащы ізің мәңгі қалды»

15.02.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы Мариновка тарихи-өлкетану мұражайы, ауылдық үлгілі кітапханасы және Мәдениет үйімен бірлесіп «Ауған соғысы, сенің ащы ізің мәңгі қалды» атты кеш өткізді (Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орай ). Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, Ауған соғысы ардагерлеріне құрметпен қарауға, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді есте сақтауға тәрбиелеу. Шараға ауылымыздың интернационалист-жауынгерлері Ю.В.Дементьев пен Ф.Д.Мекебаев шақырылды, қонақтар, қазақ және орыс мектептерінің оқушылары. Жүргізуші-кітапханашылар қонақтарға Ауған соғысының тарихы мен оның қаһармандары туралы айтып берді. Құттықтау үшін сөз Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов А. Б-на, қазақ орта мектебінің директоры Берден Қ.Қ-на берілді. Концерт ұйымдастырылып, мектеп оқушылары автоматты бөлшектеу және құрастыру және ОЗК формасын кию уақыт нормаларын көрсетті. Соңғы сөз ауған жауынгерлеріне берілді. Іс-шара шаймен аяқталды. Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»