Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ауған соғысының трагедиясы мен ерлігі»

15.02.2024 жылы Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы АМҮ-мен және мектеппен бірлесіп «Ауған соғысының трагедиясы мен ерлігі»патриоттық кешін өткізді. Соғыс тақырыбы-мәңгілік қайғы және емделмейтін жара. Қатыгез және ұзаққа созылған Ауған соғысы біздің республикамызда да терең және қайғылы естелік қалдырды. Қатысушылар Кеңес әскерлерінің енгізілу себептері, жауынгерлеріміздің батылдығы мен ерлігі, соғысуға тура келген қиын жағдайлар және кеңес жауынгерлерінің жергілікті тұрғындарға көрсеткен көмегі туралы білді. Ауғанстанда соғысқан жерлестерімізге ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге Ауғанстандық жауынгерлер Баймагомбетов Ували, Дымников Николай шақырылды және олар қызмет еткен жылдары туралы айтып берді. Қатысушылар Ауғанстанда өткізілген қиын әскери күндер туралы қызығушылықпен тыңдады. Іс-шараға кітап және фотокөрме ұйымдастырылды, онда қонақтардың назарына кітапханадағы кітаптар мен ардагерлердің жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылды. Іс-шара барысында өлеңдер мен әндер айтылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»