«Ауғанстан – біздің жадымыз»
15.02.2024 жыл Покровка ауылдық кітапханасымен Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауғанстан – біздің жадымыз» атты тарихи сағат өтізілді.
Мақсаты: Отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың ыстық ықыласына бөленген адамдарға деген жанашырлық, мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту.
Кітапханашы іс-шараға жиналғандарға Ауған соғысы тарихының беттері туралы, кеңес жауынгерлерінің көрсеткен ерлігі мен батырлығы туралы айтып берді. ШІс-шарада Ауған соғысына қатысқан ауылдастарымыз – Ю.А.Маткованы, И.С.Сахнованы, В.С.Пугачты еске алдық. Олар мыңдаған интернационалист-жауынгерлер сияқты Ауғанстандағы әскери борышын орындады.
Кітапханада «Ауған соғысы, бұл қалай болды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде борышын соңына дейін өтеген жауынгерлердің өткенін көрсететін құжаттар қойылған. Оқырмандар сол соғыстың куәсі болған авторлардың шығармаларымен қатар деректі және көркем шығармалармен де таныса алды.