Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ауғанстан ұмытылмас естелік»

14.02.24 ж.І.Есенберлин атындағы орталық аудандық кітапханасы Атбасар ауданының «ЖРО» — мен бірлесе отырып, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай 5510 ә/б әскери қызметшілері мен АИК студенттері үшін «Ауғанстан ұмытылмас естелік» атты еске алу кешін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Ауғанстандағы соғыс туралы жастардың білімін кеңейту; Ауған соғысының батырларымен таныстыру; интернационалист жауынгерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара кітапхананың коворкинг орталығында өтті.
Құрметті қонақтар шақырылды:
1. Интернационалист жауынгерлер.
2. Атбасар және Жақсы аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі әскери комитетінің орынбасары – Кокашев Арай Кайратович.
3. «Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» КММ бас маманы- Михель Юлия Андреевна
4. Атбасар ауданының » ЖРО » КММ басшысы — Рыспекова Камилла Енбековна.5. Атбасар ауданының «ОКЖ» КММ директоры -Кожахметов Жаксылык Кабиденович.
Іс-шараның жүргізушілері Ауған соғысының тарихын айтып берді, сол соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік айтылды,АИК студенттері ауған туралы әсерлі өлеңдер оқыды, «IQ»зияткерлік даму орталығының дарынды балаларының орындауындағы патриоттық әндер шырқалды.
Ауған жауынгерлері өткен соғыс туралы естеліктерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Кокашев Арай Кайратовичқа, Жаманбаев Сайдыл Смагуловичқа, Рыспекова Камилла Енбековнаға және Кожахметов Жаксылык Кабиденовике сөз берілді.
«Біз интернационалистпіз», «Ауғанстан — Ауған соғысының қаза тапқан және тірі батырларына» бейнероликтері көрсетілді.»Ауғанстан»кітап көрмесі ұйымдастырылды. Естелік фотосурет түсірілді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»