Оқиғалар мен іс-шаралар

«Автордың көркемдік шеберлігі» атты ақпараттық сабақ өткізілді.

2023 жылы 11 тамыз күні Орталық аудандық балалар кітапханасында №3,7 жалпы орта білім беретін мектеп ішіндегі лагерь оқушыларымен «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Автордың көркемдік шеберлігі» атты ақпараттық сабақ өткізілді.
Мақсаты: қазақ әдебиетін дәріптеу, оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани мұраны сақтау.
Кітапханашы Б.Омарова оқушыларды қазақ жазушысы Т.Әбдіковтың шығармаларымен, автордың көркемдік шеберлігімен таныстырды. Сонымен қатар «Біз оқимыз» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»