Оқиғалар мен іс-шаралар
«Қазақ халқының лайықты ұлы»
10.01.2024 жылы Садовый ауылдық кітапханасы кеңестік қазақ журналисті, баспагер, «Алаш» қозғалысының белсенді қатысушысы Қ.А. Болғанбаевтың 130 жылдығына арналған «Қазақ халқының лайықты ұлы» атты ақпараттық — досье өткізді.
Мақсаты: патриот, азамат ретінде тұлғаның тарихи маңыздылығын көрсету.
Кітапханашы Қ.А. Болғанбаевтың қиын тағдыры туралы айтып берді. Ол 1928 жылы БМСБ шешімімен «Халық жауы» деп танылып, Батыс Сібірге 5 жылға жер аударылды. 1934 жылы Алматыға оралып, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылына қоныстанды. 1937 жылы тұтқындалып, атылды, 1958 жылы 25 ақпанда қайтыс болғаннан кейін ақталды.