Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақстандағы өлкетану. Қаныш Сәтбаевтың әлемі»

12.04. 2024ж . Орталық аудандық балалар кітапханасы Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Қазақстандағы өлкетану. Қаныш Сәтбаевтың әлемі»атты викторинасын өткізді. №8 ЖББМ 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шарада кітапханашы геолог — ғалымның өмірі мен шығармашылығы, өрлеу мен құлдырау , жетістіктері, геологиялық-барлау ісіне қосқан үлесі туралы айтып берді. Балалар викторинаға қатысып, тақырып бойынша сұрақтар қойды. «Мен-елдің ұлымын»атты тақырыптық көрме дайындалды. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды академик Қ. И. Сәтбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, еркін ойлау, өз пікірін білдіру, ғалымның ғылыми мұрасын насихаттау қабілетін дамытуға ықпал ету.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»