Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақстандағы тіл саясаты туралы»

06.09.2024 Новомариновка ауылдық кітапханасы Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Қазақстандағы тіл саясаты туралы» ақпараттық сағатын өткізді.
Мақсаты: мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.
Кітапханашы оқырмандарға тілдің тарихы мен маңыздылығын айтып, «Тл туралы Заңмен», 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасымен таныстырды. «Қазақстан халқының тілі күні» бейнеролигін тамашалады.
Іс-шара «Ел халқының Тілдері-халықтың игілігі» атты кітап көрмесімен толықтырылды, онда мемлекеттік тілді үйренуге арналған кітаптар мен анықтамалықтар ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»