Оқиғалар мен іс-шаралар

«Қазақстандық патриотизм және азаматтық сана»

2024 жылдың 8 қазанында Сепе ауылдық кітапханасында «Қазақстандық патриотизм және азаматтық сана» тақырыбында Президент Жолдауына арналған ақпараттық минут өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен таныстыру, Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы туралы білімдерін тереңдету, жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілік пен Отан алдындағы борыш сезімін қалыптастыру.Кітапханашы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған кезекті Жолдауы халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі мен дамуына бағытталғанын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»