Оқиғалар мен іс-шаралар
«Қазақстанның қасиетті орындары»
23.04.2024ж. Борисовка ауылдық кітапханасында «Қазақстанның қасиетті орындары» атты өлкетану сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарды Қазақстанның рухани мұрасымен таныстыру, отансүйгіштікке, өмір сүріп жатқан өлкеге деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Кітапханашы оқырмандарға біздің өлкеміздің маңызды жерлері — Кенесары үңгірі, Абылайхан алаңқайы, Қабанбай батыр, Баубек батыр кесенелері және т. б. туралы баяндады. Сондай-ақ, кітапханада барлық оқырмандар үшін «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты иллюстрацияланған кітап көрмесі дайындалды.