Оқиғалар мен іс-шаралар
«Бүкіл елмен оқимыз»
18.08.2021 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Мариновка ауылдық үлгі кітапханасы оқырмандар тобымен оффлайн режимде «Бүкіл елмен оқимыз» ақпараттық сағатын өткізді. 2021 жылы 30 кітап жарық көрді. Акция ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына орайластырылған.
Іс-шара барысында кітапханашы акция, таңдалған авторлар мен олардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы кітаптары туралы ақпарат берді. Іс-шараның мақсаты: отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, оқырманды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу.