«Бәрі отбасынан басталады»
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Мариновка ауылдық балалар кітапханасында (Отбасы күніне) «Бәрі отбасынан басталады» атты пікірталас кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: өз отбасына деген құрметті көзқарасты қалыптастыру, отбасы мұраларын байыту және сақтау, балаларды ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шара басында жиналғандарға сұрақ қойылды: идеалды отбасы сіз үшін нені білдіреді? Бұл сұраққа әркім өзінше жауап берді: бұл әркім аман-сау болғанда, бәрі жиналып, қандай да бір мерекені тойлаған және т.б.
Қонақтар өз отбасының ең қымбат құндылықтары мен дәстүрлерімен бөлісті: бұл мүмкіндігінше адамдар бір-бірін қолдауға, өмірді жеңілдетуге және бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болу, отбасылық мұраларды сақтау, көбейту және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Шарада балалар отбасы туралы тақпақтар айтып, сөзжұмбақ шешті. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалып, естелік ретінде фотосуреттер түсірілді. Іс-шара соңында әр отбасында болуы керек маңызды қасиеттерді атап өттік: түсіністік, сүйіспеншілік, құрмет, сенім, мейірімділік, қамқорлық, көмек, достық.