Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бала жанды данышпан»

09.02.2024 ж. Мариновка ауылдық балалар кітапханасы «Бала жанды данышпан» атты (жазушы В.Бианкидің туғанына 130 жыл) бейне шолу ұйымдастырды.
Мақсаты: балалардың әдеби ой-өрісін кеңейту, табиғаттанушы-жазушы В.Бианки шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу.
Әрине, әр адам табиғатты жақсы көреді. Бірақ кейде барлық тіршілік иелеріне деген ерекше көзқарасы бар адамдар болады. Бұл сиқырлы сыйлыққа ие болғандардың бірі жазушы және ғалым Виталий Валентинович Бианки болды.
12 ақпанда ол 130 жасқа толар еді. Бианки кітаптарын балалар да, ересектер де жақсы көреді. Оларды оқу оңай және қызықты. Кітаптар танымдық — көптеген жануарлардың белгісіз әдеттері мен өмір салты туралы. Бианкидің шығармалары табиғатты тануға және сүюге көмектеседі.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»