Оқиғалар мен іс-шаралар
«Барлығы махаббаттан басталады»
8 қыркүйекте Орталық аудандық балалар кітапханасы әлеуметтік желілерде Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Барлығы махаббаттан басталады» калейдоскопын жариялады. Бұл материалда балалар кітапханасы оқырмандарының отбасылық фотосуреттері, сондай-ақ бейне құттықтаулар жарияланды. Іс-шараның мақсаты балалардың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту ,білім алушылардың ұрпақтар сабақтастығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға деген ынтасын дамыту, отбасы тарихының ел тарихына қатыстылығын зерделеу, отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату болып табылады.