Оқиғалар мен іс-шаралар

«Барлығын оқуға, қиялдауға және ойнауға шақырамыз»

2024 жылдың 13 тамызында балаларға арналған жазғы оқу және сауықтыру бағдарламасы аясында «Барлығын оқуға, қиялдауға және ойнауға шақырамыз» атты жазғы іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын дамыту.
Кітапхана үшін жаз балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға және пайдалануға тартудың тағы бір мүмкіндігіне айналады. Бұл бағдарламада балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытын ойын және кітап арқылы ұйымдастыру, жас оқырман мен кітапханашы арасында тығыз қарым-қатынас орнату, бағдарламаға қатысушылар арасында экологиялық білімді тарату, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, соңғы шыққан кітаптармен таныстыру, кітап оқуы, ең жақсы, үздік балалар әдебиеті классиктері мен замандастарының шығармаларымен таныстыру.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»