Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы»

16.04.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы» атты әдеби сағат өткізді. Мақсаты: Оқырмандарды балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; қазақ әдебиеті туралы түсініктерін кеңейту; оқуға қызығушылық тудыру. Іс-шара барысында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, балаларды балалар жазушысының шығармаларының кейіпкерлерімен таныстырды. Балалар «Менің атым Қожа» кітабынан үзінділерді дауыстап оқып, әдеби викторинаға қатысты.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»