Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларындағы балалық шақ әлемі»

20.09.2024ж. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Новомаринка ауылдық кітапханасы «Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларындағы балалық шақ әлемі» атты әдеби сағатын өткізді.
Мақсаты: жас оқырмандарды Б. Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру, балалардың назарын қазақ әдебиетіне аудару және жүйелі оқуға баулу.
Кітапханашы оқырмандарға 2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылғанын қысқаша айтып берді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.
Ол жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, оның өмірбаянының негізгі фактілерін атап өтті. Жазушының шығармалары ұсынылып, белгілі әңгімелерге қысқаша талдау жасалды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»