Оқиғалар мен іс-шаралар

«Бір шаңырақ астында»

30.04.2024 жылы Новомариновка ауылдық кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты көрмеге шолу жасады.
Мақсаты: оқырмандарды Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Шолу барысында қатысушыларға Брлік күні мерекесінің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы айтылды. Қазақстан халқының бірлігі күні ұлты мен дініне қарамастан барлық қазақстандықтардың достығының, бірлігі мен жасампаздығының символына айналғаны туралы айтылды. Кітапханашының сөздері достық, Отан, Қазақстан туралы өлеңдерді орындаумен кезектесіп отырды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»