Оқиғалар мен іс-шаралар
«Біз және біздің шығу тегіміз»
Қазақ ұлттық тағамдарында халықтың жаны, оның тарихы, салт-дәстүрлері бейнеленген. Ежелден бері қазақ халқының айрықша ерекшелігі қонақжайлылық болды. Құрметті қонақты жылы қарсы алып, ең құрметті орынға отырғызып, үйдегі ең жақсысын сыйлаған.
08.02.2023 ж. Мариновка ауылдық үлгі кітапханасы «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы бойынша «Біз және біздің шығу тегіміз» клубының қатысушыларымен бірге «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты дәстүр сағатын өткіздік.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ ұлттық тағамдарымен, қонақжайлылықпен, қазақ халқының айрықша белгісі ретінде, оның салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Іс-шара барысында клуб қатысушылары ең танымал ұлттық тағамдарды, бесбармақ пен бауырсақтарды дайындау процесін көрсетті. Кітапханашылар ұлттық тағамдардың ерекшеліктері туралы айтып берді.