Оқиғалар мен іс-шаралар
«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз»
11.06.2024 Мариновка ауылдық үлгілі кітапханасы бір топ жасөспірімдермен отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасындағы тұрмыстық балалар зорлық-зомбылығымен күресуге арналған «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты әңгіме өткізді.
Бұл шараның мақсаты: бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасқа, мейірімділікке, жанашырлыққа, ізгі ниетке тәрбиелеу;
кемелденген адамға өзін жеке тұлға ретінде құрметтеуге және айналасындағы адамдарға құрмет көрсетуге негізделген белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға көмектесу.
Әңгіме барысында отбасындағы, қоршаған ортадағы қарым-қатынастардағы жағымсыз қасиеттерді, қазіргі қоғамда орын алып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу жолдарын талқылап, кітап көрмесіне шолу жасадық.