Оқиғалар мен іс-шаралар
«Біздің Конституция тұрақтылық пен табыстың кепілі»
27.08.2024 жылы Ақан Құрманов ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Біздің Конституция тұрақтылық пен табыстың кепілі» атты құқықтық ақпарат сағатын өткізді. Мақсаты: мемлекетіміздің конституциялық негіздері туралы білімді кеңейту, Конституцияны Негізгі Заң ретінде білу қажеттілігін түсінуді қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш, құрмет пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, заңдарды құрметтеу. Кітапханашы оқырмандарды мемлекеттің негізгі құжатымен, оның мазмұны мен тарихымен таныстырды. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы айтып берді. ҚР азаматының құқықтары мен міндеттерін қарауға ерекше көңіл бөлінді.