Оқиғалар мен іс-шаралар

«Болашақ мамандығына қадам басу»

03.04.2024 жылы Мариновка ауылдық балалар кітапханасында «Болашақ мамандығына қадам басу» атты көрме-кеңес ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың мамандыққа деген танымдық қызығушылығын, ой-өрісін кеңейту.
Әр адамның өмірінде бір күні маңызды сәт келеді – мамандық таңдау. Мыңдаған сұрақтар туындайды: қандай мамандықты таңдау керек, қайда оқуға бару керек және тағы басқалар. Кітапханада кітап көрмесі қойылды. Көрмеде әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктері, оқу орындарының қандай түрлері бар және болашақ мамандығын таңдау алдында тұрғандар үшін әлдеқайда пайдалырақ болатын жасөспірімдерге арналған өзекті әдебиеттер қойылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»