Оқиғалар мен іс-шаралар
«Дәстүрлі қазақ тағамдары»
17.09.2021 ж., «Дәстүр мен ғұрып » арнайы жобасына сәйкес, Мариновка ауылдық үлгі кітапханасы «Дәстүрлі қазақ тағамдары» бейнеролигін, сонымен қатар кітап көрмесін дайындады.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарымен, қонақжайлығымен, қазақ халқының айрықша ерекшелігі ретінде, оның салт -дәстүрлері мен әдет -ғұрыптарымен таныстыру. Ұлттық тағамдар мен қазақ тағамдарының өнімдерін дайындау технологиясы туралы білімдерін бекіту.