Оқиғалар мен іс-шаралар

«Дала дауысы»

23.04.2024 жылы Сочинское ауылдық кітапханасында өнер қайраткерлерінің мерейтойлық даталары бойынша іс — шаралар өткізу аясында Біржан салдың туғанына 190 жыл толуына арналған «Дала дауысы» атты ақпараттық досье өткізілді. Мақсаты-атақты әнші, қазақ халқының композиторы Біржан салдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Кітапханашы оқырмандарға дәстүрлі қазақ ән өнері мен халық музыкасын жаңа деңгейге көтерген Ұлы дала әншісі, ірі мәдениет қайраткері, композитор және айтыскер Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»