Оқиғалар мен іс-шаралар

«Дала мақтанышы — Біржан сал»

30.01.2024 жылы Покровка ауылдық кітапханасымен өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндеріне орай Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына арналған «Дала мақтанышы — Біржан сал» атты музыкалық қонақжай өткізілді.
Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны және композиторы Біржан Қожағұлұлының шығармашылығымен және өмірбаянымен танысу арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Шара басталар алдында көрермендерге қазақ халқының ұлы ақын — импровизаторы Біржан сал туралы деректі фильм көрсетілді.
Кітапханашы балаларды Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы туралы әндердің жасалу тарихымен таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»