Оқиғалар мен іс-шаралар

«Домбыра — қазақ халқының жаны»

02.07.2024 жылы Садовый ауылдық кітапханасында Домбыра күніне орай «Домбыра — қазақ халқының жаны» атты диалог — сұхбат өткізілді.
Мақсаты: домбыра туралы аңыздармен таныстыру, оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының музыкасына, дәстүрлері мен мәдениетіне қызығушылықты тәрбиелеу.
Домбыра — ежелгі көшпенділерден бүгінгі күнге дейінгі музыкалық мәдениеттің символы. Ғасырлар бойы ол қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен және күнделікті өмірімен тығыз байланысты болды.
Оқырмандар домбыраның қазақ халқы мен Қазақстан мәдениеті үшін тарихи және рухани маңызы туралы білді. Кітапханашы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде танымал күйшілердің есімдерімен таныстырды, олар осы бірегей құралдың көмегімен біздің Қазақстанды дәріптеді.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»