«Достық пен Бірлік — басты байлық»
02.05.2024 жылы Сепе ауылдық кітапханасында Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай «Достық пен Бірлік — басты байлық» рухани қарым – қатынас сағаты өтті.
Халық бірлігі әрқашан адамзат тарихында кез-келген елдің ең жоғары байлығы болды. Қазақстанда 1 мамырда атап өтілетін Халық бірлігі мерекесі тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту мерекесі.
Қазақстан-бейбітшілік пен келісімде 130-дан астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты ел. Қазақстан халықтары барлық ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін, өзара түсіністікпен және құрметтей отырып, бейбіт өмір сүреді . Оқушылар мерекенің тарихы туралы білді, бұл мереке ұлты мен дініне қарамастан барлық қазақстандықтардың достығының, бірлігінің символына айналды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандардың бойында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.