Оқиғалар мен іс-шаралар
«Еңбек – барлық байлықтың қайнар көзі»
24.09.2024 Новомариновка ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған «Еңбек – барлық байлықтың қайнар көзі» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Мақсаты: жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жандандыру және әр адамның күш-жігері бүкіл халықтың игілігіне бағытталған жалпыға ортақ еңбектің маңыздылығын түсіну.
Кітапханашы оқырмандарға әрбір адам үшін еңбектің маңыздылығы туралы айтып берді, біздің мемлекетіміздің Заңында: «Қазақстанның барлық азаматтары еңбекке құқылы»делінген. Еңбек адамының рөлі әрқашан және кез-келген қоғамда маңызды. Азаматтардың еңбегі елдің даму деңгейін анықтайды және әр отбасының әл-ауқатын, адамның дамуын қамтамасыз ететін шешуші фактор болып саналады.