Еліміздің ержүрек батыры
18.03.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы жалпы оқырмандарға арнап белгілі Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық каһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100-жыл толуына орай «Еліміздің ержүрек батыры» атты тарихи сағатын өткізді және кітап көрмесін рәсімдеді.
Кітпханашы; оқырмандарды батыр ағамыз Рахымжан Қошқарбаевтың өмірбаянын таныстырып ҰОС көрсеткен ерліктері туралы және Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ жігіті туралы айтылды.
Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген, руы -Арғын, оның ішінде Қуандық-Темеш 4-жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша 13-жасынан жетім қалған Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді.7-жылдық мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберіледі.
ҰОС басталғанда Рахымжан Қошқарбаев 16-жаста болады, ол да ер-азаматтармен қатар майдан шебінде Отанын қорғауға ат салысуға сұранады.1942-жылдың тамызында 18-жастағы бозбала Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынып, осы жерден 1943 -жылдың жазына дейін болады.
Тек 1944-жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік бітіріп, майдан шебіне қосылады.1945-жылдың 16-сәуірінде Рахымжан Қ бас болған шабуылдаушы взвод Ордер өзенінің батыс жағалауындағы Гроенойндроф елді мекеніндегі жаудың бетін қайтарады.
Міне көптен күткен жеңіс күні де келіп жетті 30-сәуірде 1945-жылы Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасында Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті.
Бұл сәуірдің 30-ы күні 18-сағат 30 минутта брлған еді.
Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев 1988- жылы 10-тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Мақсаты; жалпы оқырмандарға еліміздің Батыры Рақымжан Қ. ҰОС ерлігін елеп, болашақта жас ұрпақтардың патриоттық, сезімін ояту және мәңгі есте сақтау.