Оқиғалар мен іс-шаралар

«Елорда тарихы»

05.07.2024 жылы ҚР Астана күнін мерекелеу аясында Садовый ауылдық кітапханасында «Елорда тарихы»атты кітапхана сабағы өткізілді.
Мақсаты: елорданың тарихи өткені мен көрікті жерлерімен таныстыру, отансүйгіштікке, өз Отанына деген мақтаныш сезімге тәрбиелеуге ықпал ету.
Кітапханашы Астана қаласының тарихы, оның құрылуы, бүгінгі тарихи оқиғалар туралы айтып берді. Оқырмандар елордамыз туралы өздеріне белгілі қызықты деректермен бөлісті. Сондай — ақ, кітапханада «Астана-ел жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Астана қаласының тарихы мен дамуы туралы кітаптар, қаланың көрікті жерлері бейнеленген фотоальбомдар ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»