Оқиғалар мен іс-шаралар

«Ертегі даналыққа бай»

28.03.2024 ж. Борисовка ауылдық кітапханасында Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында «Ертегі даналыққа бай» атты әдеби ойыны өтті. Мақсаты: оқуға деген сүйіспеншілікті ояту және халық ертегілеріне деген қызығушылық пен ой-өрісті кеңейту. Іс-шараға қатысушылар 8-10 жастағы балалар. Іс-шараның басында кітапханашы балалардың назарын «Ертегілер әлемінде»атты кітап көрмесіне аударды. Сүйікті Ертегісін таңдап, балалар «Алдар-көсе», «Золушка», «Приключение Незнайки» кітаптарынан үзінділерді дауыстап оқып, ертегінің не үйрететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Содан кейін балалар «Ертегілерге саяхат»атты ертегі ойын викторинасына қатысты. Барлық қатысушылар жақсы көңіл-күймен және сыйлықтарымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»