«Есірткі -бір жақты саяхат»
12.03.2024 жылы
Тимашёвка ауылдық кітапханасы «Жас оқырмандар» үйірмесі тобына арнап «Есірткі -бір жақты саяхат» атты ой бөлісу өткізілді, салауатты өмір салтын тәрбиелеу жұмысын атқару мақсатында.
Кітапханашы; жалпы жас оқырман буындарына есірткінің адам денсаулығына өте көп зиян келтіретіні туралы айта кетті.
Темекі — құрамында никотин және 4000-ға жуық улы зат бар темекі өсімдігінің майдаланған, құрғатылған және қолдануға дайын күйдегі жапырағынан жасалады.
Темекінің түтіні ағзаға зиянды және улы заттардың жиынтығынан тұрады. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі — никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе қауыпты-ісігіне ұшырататын әртүрлі радио-активті элементтер.
Никотин — циаминге пара-пар У. Никотин улы зат болғандықтан, медицинада дәрі ретінде қолданылмайды. Мысалы 5-6 тамшы никотинді итке берсе, сол мезетте өліп кетер еді. Ал бір қорап темекінің құрамындағы никотинді инемен шашыса, адам әп-сәтте көз жұмады. Алайда адам ағзасы никотинді қан арқылы емес тыныс жолымен қабылдайтындықтан, бірден емес , «баяу өлім» арқылы өз түбіне өзі жетеді. Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түпкір- түпкірін улайды. Жалпы әлемде темекінің зияндылығын дәлелдейтін 50 мыңнан астам кітап басылып шыққан.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен.
Бүгін де жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының /ДДСҰ/ дерегі бойынша , 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса , бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған.
ДДСҰ мәліметіне сүйінсек , Жер шарындағы 2 млрд. жасөспірімнің санасы никотинмен уланған. Түтін әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түсетіндігі ғылымда дәлелденген.
Мақсаты; жас өспірімдерді никотинмен уланудан, денсаулықтарын аулақ ұстауына шақыру және әр бір оқырманның ойын осы зиянды заттан шектеу.