Оқиғалар мен іс-шаралар

«Халықтар достығының гүлшоғы»

2023 жылдың 27 сәуірінде Мариновка ауылдық балалар кітапханасы үлгі кітапханасымен бірлесіп Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Халықтар достығының гүлшоғы» атты әдеби мерекесін өткізді.
Шақырылған қонақтарды әсем безендірілген залда кітапханашылар қарсы алып, мерекелерімен құттықтады! Іс-шарада тақпақтар, әндер шырқалды, би биледі. Қонақтармен «Сен білесің бе?» викторинасын өткіздік, оған барлығы белсенді қатысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мереке өте қызықты өтті. Шара соңында қонақтарды естелік суретке түсуге шақырдық.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың бойында азаматтық, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, өз елінің, халқының тағдырына қатысты сезімін дамыту, Отанының тағдыры үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.

Басқа жаңалықтар

Кнопка «Наверх»